ҚР Президентінің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы тағайындалды
Фото: Zakon.kz
Мұрат Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Құрылтайдағы өкілдігін басқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті өкімге бүгін, 2026 жылғы 3 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Әділғазыұлы Қайырбек Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайындағы Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ресми ақпаратта.
Құрылтай – заң шығару билігін жүзеге асыратын Қазақстанның бір палаталы Парламенті. Ол 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енген сәттен, яғни 2026 жылғы 1 шілдеден бастап құрылды. Құрылтай Сенаттан (жоғарғы палата) және Мәжілістен (төменгі палата) тұрған Қазақстанның екі палаталы Парламентін алмастырды.
Құрылтай пропорционалды сайлау жүйесі бойынша сайланатын 145 депутаттан тұрады. Оның I шақырылым депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript