Сеулде Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды

Мемлекеттік сапармен Сеулге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2026 16:25 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік сапармен Сеулге барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысын Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мён қарсы алды.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён бір-біріне Қазақстан мен Кореяның ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Бұдан кейін құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Құрмет қарауылы салтанатты сап түзеп, екі елдің басшыларына ілтипат көрсетті.

Салтанатты қарсы алу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мён екіжақты келіссөздер өткізіп, қазақ-корей стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мённің шақыруымен 2026 жылғы 14 қыркүйекке қараған түні мемлекеттік сапармен Сеулге барды.

Сапар аясында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар кездесу өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: