Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Кездесу, Берлин, Қазақстан, ГФР, президенттер, шағын құрам, келіссөз  , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2026 18:36 Сурет: Ақорда
Қазақстан мен ГФР президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Германияға сапармен келуге шақырып, қонақжайлық көрсеткені үшін Франк-Вальтер Штайнмайерге алғыс айтты.

Қазақстан президенті Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды. Осынау кезеңде екі ел серіктестіктің барлық бағытында елеулі табысқа қол жеткізді.

Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Ол Қазақстан президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беріп, мүлдем жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Бұған дейін Германия Федеративтік Республикасының Қорғаныс министрлігінде Берлинге ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: