Тоқаев: "Таза Қазақстан" жалпыұлттық идеологияға айналып келеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде "Таза Қазақстан" акциясының азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2026 15:58 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде "Таза Қазақстан" акциясының азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстанның бірегей биоалуантүрлілігімен ерекшеленетінін атап өтті.

"Табиғаттың осы сыйын сақтау – жұрт алдындағы борышымыз, сондай-ақ халықаралық қоғамдастық алдындағы жауапкершілігіміз. Бұл құндылықтар Қазақстанның жаңа Конституциясында айқын көрініс тапты. Ел тарихында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мемлекеттіліктің негізін құрайтын қағидаттардың бірі ретінде Ата заңымызда бекітілді", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табиғат пен оның ресурстарын көзінің қарашығындай сақтауға міндетті екенін айтты. Сонымен қатар азаматтардың өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау мемлекеттің маңызды мақсаттарының бірі ретінде белгіленгеніне назар аударды.

Президент табиғат байлығын сақтау мен экономикалық даму қатар жүруі керек екенін атап өтті.


"Табиғат байлығын сақтау экономикалық өрлеумен қатар жүруі керек екеніне сенімдіміз. "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы осы құндылықтарды арқау еткен. Бұл қозғалыс қарапайым экологиялық тазалық ауқымынан шығып кетті. Оның азаматтардың дүниетанымы мен өмір салтына ықпал ететін жалпыұлттық идеологияға айналып келе жатқаны қуантады", – деді Мемлекет басшысы.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: