Қазақстандық үш боксшы жекпе-жектерден шеттетілді

antikor.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2018 21:26 antikor.com.ua
Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс.

Қазақстандық боксшылар Әли Балоев (6-0, 5 КО), Искандер Харсан (4-0, 4 КО) және Асхат Жантұрсынов (1-0, 1 КО) АҚШ-тағы жеңістерінен кейін жекпе-жек өткізуден уақытша шеттетілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Ережеге сәйкес, жекпе-жек өткізген спортшылар денсаулығы қалпына келгенше рингке шықпауы тиіс. Яғни, енді Балоев пен Жантұрсынов 5 тамыздан кейін, ал Харсан 7 тамыздан кейін ғана жекпе-жек өткізе алады.

Естеріңізге сала кетейік, Балоев Остинде (АҚШ, Техас штаты) өткен бокс кешінде америкалық Ричард Уркисоны (3-4-2, 1 КО) бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жасөспірімдер арасындағы бірінші ауыр салмақта бос тұрған NABF чемпионының белбеуіне ие болған еді. Искандер Харсан мексикалық Мануэль Рубалькаваны (4-28, 0 КО) нокаутқа түсірді, ал Асхат Жантұрсынов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде Питт Рейнді мерзімінен бұрын жеңді, АҚШ өкілі де кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: