Қазақстандық спортшылар Өзбекстанда өткен қоян-қолтық ұрыстан 26 медаль жеңді
![Қазақстандық спортшылар жүлделі оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-8a9f6b2b-7260-446b-a471-23fa48473c0b/800x451.webp)
Қазақстандық жас спортшылар Бұқарада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында 26 жүлде еншіледі, деп жазады Хабар 24 арнасы.
Осылайша ел қоржынында 1 алтын, 5 күміс және 20 қола медаль бар. Командалық есепте құрама спортшылары үздік үштікке енді.
![жеңіспен оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-ed2044f7-eaef-488b-92e5-0b40744b5632/800x451.webp)
Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы
![жеңіспен оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-dce1f6c6-3b9b-431d-82b5-c0d2e8949115/800x451.webp)
Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы
«Ал өзге отандастарымыздың бабы келіскенімен, кейбірінің бағы жанбады, ал енді бірінің жолына төрешілер тосқауыл болды», - дейді құрама жаттықтырушылары.
Енді келер жылғы әлем чемпионатында есе қайтаруға мүмкіндік туады. Қазақстанның Қоян-қолтық ұрыс федерациясы ересектер арасында жаһан біріншілігін елімізде өткізу құқығын иеленіп отыр.
Қазақстандық спортшыларды қолдап, жеңіс тілеушілердің қатарында бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы Нұрлан Ермекбаевта болды.
![спортшылар жүлделі оралды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2022 12:10](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-8e989f98-89f1-4617-9452-ab6a0b315027/800x451.webp)
Сурет: Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы
2 ай дайындалдық. 3 жекпе-жек өткіздім. Екінші кездесуім қиынырақ болды. Төрешілердің бұра тартқанына қарамастан жеңіп шықтым. Енді әлем чемпионатына дайындаламын. Олег Пехотин, қоян-қолтық ұрыстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы
3 мемлекет негізгі осы. Өзбекстан, Ресей, Қазақстан. Келесі жылы осы әлем біріншілігін алайық деп отырмыз. Сондықтан дайындық мәселелерін қарап, зерттеп келдік осы жерге.Ринат Әбекешов, Бүкілқазақстандық жекпе-жек сайысы қауымдастығы төрағасының орынбасары
14-15 жас ұлдар
41 кг - Иманғали Санжар 3 орын
44 кг - Таиров Абдурасул 3 орын
48 кг - Құрманай Бекарыс 2 орын
52 кг - Желтов Егор 2 орын
67 кг - Пасхалиди Янис 3 орын
73 кг - Бакаев Алдияр 3 орын
+73 кг - Жетиген Мират 3 орын
16-17 жас ұлдар
48 кг - Сейт Диас 3 орын
57 кг - Пехотин Олег 1 орын
73 кг - Калинин Рубен 3 орын
80 кг - Ибраш Қүдайберген 3 орын
16-17 жас қыздар
48 кг - Асылбекова Сағыныш 3 орын
53 кг - Ларионова Эмилия 3 орын
64 кг - Дельманова Дания 3 орын
64+ кг - Жарасова Айгерим 3 орын
18-21 жас қыздар
53 кг - Шальнова Валерия 3 орын
64 кг - Чеботарева Мария 2 орын
70+ кг - Амантаева Дайана 2 орын
18-21 жас ұлдар
57 кг - Төлегенов Алихан 3 орын
62 кг - Таиров Абдурашид 3 орын
67 кг - Намазов Бауыржан 3 орын
73 кг - Искандеров Аслан 3 орын
80 кг - Шпека Николай 3 орын
88 кг - Пернебек Әліби 2 орын
97 кг - Саттарханов Саттархан 3 орын
+97 кг - Мұратұлы Алтынбек 3 орын