УЕФА Конференциялар лигасы: «Қызыл-Жар» АПОЭЛ-мен тең түсіп, келесі кезеңге өте алмады

Футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 21:56 Сурет: uefa.com
Астана-Аренада өткен УЕФА-2022/23 Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында «Қызыл-Жар» командасы кипрлық АПОЭЛ-мен тең түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада өткен қарымта ойын 0:0 есебімен аяқталды. Өкінішке қарай, тең есеп петропавлдықтарға мүмкіндік бере алмады. Себебі Никосияда өткен алғашқы ойында кипрліктер 1:0 есебімен жеңген болатын. 

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша жеңіске жеткен АПОЭЛ Конференциялар лигасының плэй-офф кезеңіне жолдама алды.  

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: