Бейбіт Жұқаев Түркиядағы турнирде сенсация жасай жаздады

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2022 13:58 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жас теннисшісі Бейбіт Жұқаев жекелей сында Ыстамбұлда (Түркия) өтіп жатқан Челленджер сериясы турнирінің жартылай финалына бір қадам қалғанда ойынын тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол өзінен әлдеқайда тәжірибелі молдовалық теннисшіге жол берді.

Ақтау мектебінің түлегі ширек финалда әлемнің 108-ші ракеткасы молдовалық Раду Альботумен кездесіп, 2:6, 6:4, 6:7 (4:7) есебімен ұтылды.

Ойын 2 сағат 8 минутқа созылды. 

Жұқаев жеңілгеніне қарамастан, соңғы уақытта өте тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, ATP-турындағы ең жақсы ойыншылардың деңгейіне көтеріліп келеді.

Салыстырмалы түрде алсақ, егер ол 2022 жылдың басында әлемдік рейтингтің 781-ші сатысында тұрса, енді соңғы кездегі жақсы ойындарының арқасында 19 қыркүйекте бірден 34 тармаққа көтеріліп, 323-ші орынға шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: