Агапова октаганға 2023 жылы оралатынын айтты

UFC, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2022 10:15 Сурет: Instagram/mma.mashka
Қазақстандық ММА файтері Мария Агапова канадалық спортшы Джиллиан Робертсонмен болған жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді. Кездесу екінші раундта Робертсонның пайдасына шешілген еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мария Агапова келесі жылы UFC-ге оралатынын айтты.

Бірінші раундта жеңіске жеттім. Екіншісінде мені "ұйықтата" салды. Бұл жекпе-жек шынымен маған ұнады. Көңілді болды. Мүмкіндігінше октаганға тезірек оралғым келеді. Бірақ тәртіп солай, көнуге тура келеді, октаганға енді келесі жылы ораламын. UFC-ді сағынатын болдым. Мария Агапова

UFC Vegas 60 турнирінде қазақстандық екінші раундта канадалық Джиллиан Роберстоннан (11-7) жеңіліп қалды.

Агапова UFC-де үшінші рет сәтсіздікке ұшырады. Онымен қоса, екі жеңісі бар. 

Ал Роберстонда 8 жеңіс және 5 жеңіліс бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: