Жаңалықтар тізбегі
0

"Ман Ситидің" аяғы ауыр қызметкері кассадан 100 мың фунт ұрлап, өз тойына жұмсаған

Ақша ұрлығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2022 20:29 Сурет: Instagram/mancity
"Манчестер Сити" ағылшын футбол клубының бұрынғы менеджері Фиона Барклай команданың кассасынан ақша ұрлағаны үшін 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Аяғы ауыр келіншек 100 мың фунттан астам қаражатты иеленіп, оны үйлену тойына жұмсаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily mail-дың хабарлауынша, сот отырысында Фиона Барклей өз кінәсін толықтай мойындаған. Ол өзіне міндеттелген мерзімнің жартысын қамауда өткізеді. 33 жастағы әйел клубта бизнесті дамыту жөніндегі менеджер болып қызмет атқарған. Тергеу барысында оның екі жыл бойына басқа шоттарға аракідік ақша аударып отырғаны анықталды. Бір жыл бұрын 25 мың фунт стерлинг ұшты-күйлі жоқ болып, оның ұрланғаны дәлелденгеннен кейін ол жұмыстан шыққан.

Бірқатар фактілер бойынша Барклай клубқа тиесілі 104 мың фунтты иемденген. Оның айтуынша, бұл қаражатты ол өзінің үйлену тойына жұмсаған, сонымен қатар күйеуі мен отбасына сыйлықтар сатып алған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: