Қатардан жеңіспен оралған Аргентина футболшыларын күтіп алуға мыңдаған адам жиналды
Сурет: pixabay
Аргентиналықтар Қатардан елге жеңіспен оралған ұлттық құраманы күтіп алу үшін әуежайға жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Франция құрамасымен өткен ойында жеңіске жеткен Аргентина футболшылары елге таңертең жетіп, әуежай жанындағы жаттығу орталығында тынығып алады.
Кейін Буэнос-Айрестегі Обелиск монументі жанында жанкүйерлермен бірге тойлайды. Осы шара үшін бүгін күллі ел аумағында демалыс жарияланды, деп жазады qazaqstan.tv.
Аргентина мен Франция футболшыларының кездесуі Әлем чемпионаты тарихында ең әсерлі финалдардың бірі аталып отыр.
Ақырғы матчта қос елдің ұлттық құрамасы тең түсіп, кейін пенальтиде Аргентина Францияны 4:2 есебімен жеңді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript