Жаңалықтар тізбегі
0

АТР 500 турнирі: Александр Бублик жартылай финалға өтті

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.06.2023 18:03 Сурет: twitter.com/atptour
Қазақстан теннисшісі Александр Бублик немістің Галле қаласында өтіп жатқан АТР 500 турнирінің ширек финалын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалға шығу үшін Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы итальяндық теннисші Янник Синнермен кездесті. Бірінші партияда Бублик 7:5 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте де 2:0 есебімен отандасымыз алға суырылып шықты, ал итальяндық алған жарақатына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартты.

Матч барысында әлемнің 48-ші ракеткасы Бублик алты эйс жасап, екі қателікке жол берді және үш брейк-пойнттың үшеуін де жүзеге асырды. Әлемінің тоғызыншы ракеткасында Синнерде екі эйс, сәтті жүзеге асырыған бір брейк-пойнты бар. 

Бублик соңғы рет 2023 жылдың ақпанында ATP турнирінің жартылай финалына шыққан болатын. Марсельде болған турнирдің финалына шығу үшін ол Хуберт Хуркачпен ойнап, оны жеңе алмады.

Галледе өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында Бублик Александр Зверев (Германия) пен Николас Харри (Чили) матчының жеңімпазымен ойнайтын болады.

Бұған дейін Александр Бублик әлемнің 21-ші ракеткасы - неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффты жеңген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: