Жаңалықтар тізбегі
0

АТР 500 турнирінің чемпионы Александр Бублик: Мен шынымен де бақыттымын!

Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:32 Сурет: atptour
25 маусымда Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик өз мансабында алғаш рет АТР 500 турнирінде жеңіске жетті. Соңғы матчтан кейін теннисші өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Галледағы (Германия) жасыл кортта өткен жарыстың шешуші ойынында Александр Бублик өзінің байырғы жолдасы Андрей Рублевпен кездесті. Қос таныс көрермендерге керемет және жойқын теннис ойынын сыйлады. Есеп – 6:3, 3:6, 6:3, әрине ұпай басымдығы Бубликтің еншісінде.

Осылайша, Александр Бублик ресми турнирлерде Рублевпен болған жеке кездесулерде қалыс қалу бойынша ұпайын қысқартты (3:2).

Қазақстан өкілі үшін бұл - АТР турниріндегі сегізінші финалы және өз мансабында жеңіп алған екінші атағы. Алайда, бұрын ол ATP 250 турнирлерінде үздік болған, ал "бес жүздік" финалына Александр алғаш рет шықты. 2022 жылы Бублик Монпельеде (Франция) ATR 250 турнирінің чемпионы атанды. Шешуші матчта қазақстандық Александр Зверевті жеңіп кеткен еді (6:4, 6:3).

Галледағы турнирде Александрды отбасы - он айлық ұлымен бірге жұбайы да қолдауға келді. Жақын адамдары Бублик үшін үлкен қолдау болды.


Бұл жарыстарда Александр Бублик өзін байсалды ойыншы ретінде көрсетті және мұнарадағы төрешінің шешіліп қалған бауын байлап бергенінен басқа қандай да бір біртүрлі жағдайға тап болмады.


Теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2023 18:32

Сурет: Tennis.tv


Бір апта бойы АТР турнирінің мінезді теннисшісі атанған Александр Бублик матчтар кезінде ешқашан дөрекі қылық танытпады. Соған қарағанда отандасымыз эмоцияларын жинап қойып, ойынға жан-тәнімен беріле алған сияқты.

"Бұл жеңіс маған көп нәрсені білдіреді. Жарты жыл күрестім, енді бұл олжаны қанжығама байлап алған соң, оны бір маңызды нәрсе ретінде қабылдамайтын секілдімін. Расында, қиын болды. Мен бұл турнирде жеңемін деп ойлаған жоқпын, мен шынымен де бақыттымын". Александр Бублик


Енді Александр Бублик Мальоркадағы ATR 250 турнирінде өнер көрсетеді. Бастапқы кездесуде ол испандық Альберт Рамос Виньоласпен ойнайды (ATR рейтингінде 72-ші). Бұл 3 шілдеде басталатын Уимблдон қарсаңындағы соңғы турнир болады.

Бұған дейін Александр Бубликтің немістің Галле қаласында өткен ATR 500 сериясындағы турнирде жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте рекордтық жоғары орынға көтерілгені белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: