Уимблдон: Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы белгілі болды

Елена Рыбакина, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2023 22:45 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер немесе рейтингіде 9-сатыда тұрған чехиялық Петра Квитова арасындағы матч өтті. Бұл ойынның жеңімпазы қазақстандық теннисшінің ширек финалдағы қарсыласы болады.

Тунистік теннисші Онс Жабер чехиялық Петра Квитованы 6:0, 6:3 есебімен ұтты. Матч 1 сағат 3 минутқа созылды.

Осылайша, Елена Рыбакина екі күннен кейінгі келесі матчта былтырғы Уимблдон турнирінің финалындағы қарсыласымен ойнайды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесті.

Алайда бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: