Юлия Путинцева Монреальдағы турнирдің негізі кезеңінде ойнайтын болды

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2023 00:14 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Монреальдағы (Канада) турнирдің іріктеуінен өте алмады, алайда негізгі кезеңде ойнайтын болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путинцева іріктеу кезеңінің финалында аустралиялық теннисші, әлемнің 114-ракеткасы Кимберли Бирреллден 6:2, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.

Алайда турнирден чехиялық теннисші Линда Носкова бас тартты. Осылайша, оның орнына қазақстандық теннисші қосылды.

Енді Юлия Путинцева турнирдің 1/64 финалында америкалық теннисші Бернарда Перамен ойнайды.

Еске салайық, қазақстандық теннисші турнирді іріктеу кезеңінің жартылай финалынан бастаған еді. Ол онда канадалық, әлемнің 860-ракеткасы Миа Купресті жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: