Юлия Путинцева Цинциннатидегі турнирдің іріктеу кезеңінің финалына өтті

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2023 15:16 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Цинциннатидегі турнирдің іріктеу кезеңдерінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңінің жартылай финалында испаниялық Сара Соррибес Тормомен (86-ракетка) кездесті.

Путинцева Соррибес Тормоны екі сетте – 7:6, 7:5 есебімен жеңіп, іріктеудің финалына шықты.

Цинциннати турнирінің жүлде қоры - 2 788 468 доллар. Байқау жеңімпазы 454 500 доллар мен 900 рейтингтік ұпайға ие болады. Цинциннатидегі турнирді былтыр франциялық теннисші Каролин Гарсия (6-ракетка) жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: