Жаңалықтар тізбегі
0

"Ракеткасын сындыра салды". Жеңіске сүйем жер қалғанда сүрінген Соболенко не дейді

Арина Соболенко, US Open-2023, теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2023 10:02 Сурет: WTA
Беларусь теннисші Арина Соболенко шешуші матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында US Open-2023 турнирінің финалында сүрінген сәті өзі үшін жақсы сабақ болатынын, болашақта ойын алаңына бұдан да күшті дайындықпен оралатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл турнир барысында мен үшін орын алған кейбір жағымды тұстар бар, сол секілді кейбіреуі жағымсыздау, бірақ бәрі жақсы. Бұл - процесс. Бәріміздің басымызда бар, осылай үйренеміз. Менің ойымша, бұл маған сабақ болды, оны жақсылап игеріп, содан кейін қайта күштірек болып ораламын", – деді Соболенко.


Сондай-ақ ол өз жеңілісінің себебі эмоциялар болуы мүмкін екенін атап өтті.

"Бүгін алаңда тым көп ойланып, өте қиын доптарды өткізіп алдым, бірақ бұл жіберіп алмауым тиіс доптар еді. Екінші сетте болмайтын көптеген қателікке бой алдырдым, міне сол кезде қарсыласым жеңеді дегенге өзімді сендіріп қойдым. Иә, екінші сеттен кейін эмоцияға беріле бердім", - деп атап өтті спортшы.

Шынымен де оның көңіл-күйіне ерік беріп қоятын тұсы бар. Бұқаралық ақпарат құралдары аталған матчтан кейін киінетін бөлмеде Аринаның қолындағы ракеткасын сындырып тастағанын жазады.

Айта кетсек, финалда жеңіліске ұшырағанына қарамастан, Соболенко дүйсенбіде жекелей сында әлемдік рейтингте көш бастайтын болады. 

"Сондықтан болар, мен қазір қатты күйзеліске ұшырамай, өз-өзімді ұстап тұрғаным", – деп күлімсіреген Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы болу – үлкен прогресс әрі жетістік екенін айтты.

"Жылдар бойы талмай еткен еңбегім әлемнің бірінші ракеткасы деңгейіне көтерілуіме түрткі болғанын қатты мақтан етемін. Әлемде №1 болғанмын деп айтқан жақсы, бірақ осы жылды мен әлемдегі №1 болып аяқтағым келген еді. Сондықтан да мен әлі де позитивті, әлі де ынталы көңіл-күйдемін", - деп сөзін қорытындылады Соболенко.


Бұған дейін теннистен 2023 жылғы АҚШ-тың ашық чемпионатында финалда америкалық Кори Гауфф (әлемнің алтыншы ракеткасы) беларусь теннисші Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) жеңіп, турнир жеңімпазы атанғаны туралы хабарланған болатын.

Турнирде жеңіске жеткен Гауфф 2000 рейтингтік ұпай және 3 миллион доллар жүлде алады. Соболенко өз кезегінде 1300 рейтингтік ұпай мен 1,5 миллион доллар жүлде қорына иелік етпек.

Турнир қорытындысы бойынша Гауф әлемнің үшінші ракеткасы болады, ал Соболенко WTA рейтингінде көш бастайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: