Дэвис кубогы: қазақстандық теннисшілер жұптық сында Болгария құрамасынан жеңілді

теннис, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2023 16:30 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисшілер Дэвис кубогының плей-офф матчының жұптық сындағы ойынында Болгария құрамасынан жеңілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болгарияның София қаласында Дэвис кубогының плей-офф матчының екінші күнінде қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Недовесов жұптық сында өнер көрсетті.

Олар болгариялық теннисшілер Александер Донский мен Александр Лазаровқа қарсы ойнады.

Қазақстандық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, Қазақстан – Болгария матчында есеп  2:1 болды.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисшілер Тимофей Скатов пен Александр Бублик жекелей сындағы матчтарын сәтті өткізіп, Қазақстанға екі ұпай алып берген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: