Путинцева Гуанчжоудағы турнирдің ширек финалына шықты

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2023 22:25 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның екінші, әлемнің 81-ракеткасы Юлия Путинцева даниялық Клара Таусонды (WTA рейтингінде 76-орын) ұтты. Бұл жеңіс Путинцеваға Гуанчжоудағы турнирдің үшінші кезеңіне өтуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 1 сағат 56 минутқа созылды, дат теннисшісі ойынды екінші сеттің соңында жалғастырудан бас тартты. Екі теннисші де бір-бір партияда жеңіске жетті. Алдымен дат 6:3 есебімен басым түсті, одан кейін Путинцева 7:6 (7:5) есебімен теңестірді. Осыдан кейін Клара Таусон кездесуді жалғастыра алмай, қазақстандық спортшы келесі кезеңге өтті.

Юлияның ширек финалдағы қарсыласы Германия өкілі Татьяна Мария (WTA рейтингінде 48-орын) болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: