Азиадада гимнаст қызымыз қола жүлдеге ие болды
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Азиадада батуттық гимнастикадан Виктория Бутолина қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, батуттық гимнастикадан әйелдер арасында ел намысын қорғаған Виктория Бутолина финалда 52.600 ұпай олжалап, үшінші орынға табан тіреді.
Бұл – Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына түскен жиырма алтыншы қола медаль.
2 қазаг күні Азия ойындарында Қазақстан құрамасының мүшелері Тимур Хайдаров пен Сергей Емельянов жұбы 500 метрге каноэде ескек есуден алтын медаль жеңіп алды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript