Ұлттық құрама Оңтүстік Кореяны жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты

су добы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2023 22:11 Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Су добынан еліміздің ерлер құрамасы Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақ ватерполшылары ширек финалда Оңтүстік Кореядан 15-8 есебімен басым түсті. Ойын алғашқы айналымнан бастап, қазіргі чемпионның бақылауымен өтті. Енді финал жолдамасын қазіргі Азия чемпионы Қытай мен Қазақстан 6 қазанда сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы ХІХ Азиаданың В тобында бастап, Гонконг пен Сингапурдан басым түсті. Екінші матчта Жапонияға есе жіберген.

Жалпы Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындары тарихында 1994 жылдан бері 6 мәрте чемпион атанып, бір рет үздік үштікті түйіндеген (2006 жылы).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: