Андрей Голубев Швециядағы турнирдің финалына жолдама алды

Андрей Голубев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2023 10:00 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық Андрей Голубев жұптық сында Стокгольм (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Голубев Денис Молчановпен бірге жартылай финалда жарыстың 4-ракеткалары, америкалық Роберт Галлоуэй – франциялық Альбано Оливеттимен кездесті.

Қазақстандық-украиналық жұп 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Андрей Голубев пен Денис Молчановтың финалда ұлыбританиялық-үндістандық жұп Джулиан Кэш пен Юки Бхамбримен ойнайды. Матч бүгін, 22 қазанда Астана уақытымен 16:00-де өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: