Алуа Нұрманова Qatar Masters Open бәсекесінде жүлдегер атанды
Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Шахматшы Алуа Нұрманова Дохада өткен Qatar Masters Open бәсекесінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық құрама ойыншысы 9 турдан кейін 4,5 балл жинады. Осылайша, ол Халықаралық спорт шеберінің бірінші нормасын және әйелдер Гроссмейстерінің екінші нормасын орындады.
Үндістандық Рамешбабу Вайшали мен Дивья Дешмух 5 ұпайдан алды. Қосымша көрсеткіш бойынша алғашқысы топ жарды.
Qatar Masters Open – әлемдегі ең беделді шахмат турнирінің бірі. Мұнда ФИДЕ рейтингі 2 300-ден жоғары ойыншылар ғана сынға түсе алады. Биыл 44 елден 252-ден астам шахматшы жиналды. Оның ішінде 8 шахматшының рейтингі 2 700-ден асқан, ал 60-тан астамы – гроссмейстер атағын алғандар. Турнирдің жүлде қоры – 108 250 АҚШ доллары. Бас жүлде иегері 25 000 АҚШ долларын алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript