Елена Рыбакина WTA шешуші турнирінің алдындағы алғашқы жаттығуын өткізді
Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Канкун қаласына (Мексика) келді. Онда бірер күннен кейін WTA турнирінің финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Канкунде Елена кортқа шығып, алғашқы жаттығуын өткізіп те үлгерді.
WTA турнирінің ақтық кезеңі 29 қазан мен 5 қараша аралығында өтеді. Рыбакина аталмыш жарысқа жолдама алған Қазақстанның бірінші өкілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript