Президенттің қолдауы, тазалық сүйгіш жанкүйерлер: Астанада Сан-Мариноға қарсы матч қалай өтті

футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2023 00:42 Сурет: akorda
17 қарашада Астанада Қазақстан құрамасының Сан-Мариноға қарсы матчы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Голдар:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Арена" стадионына Қазақстан құрамасын қолдап барды.

Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де барды.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Президент матчтан кейін шарфын стадиондағы кішкентай жанкүйерге тарту етті.

Сурет: akorda

Ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.

Сурет: akorda

Қазақстан футбол федерациясы командаға трибуналардан берген керемет күш пен қолдау үшін жанкүйерлерге алғыс айтты.

Сурет: Қазақстан футбол федерациясы

Жанкүйерлер еріктілермен бірге матчтан кейін стадионның қоқысын жинап кетті.

Сурет: Астана әкімдігінің сайты


Бұл - Қазақстанның Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі алтыншы жеңісі. Қазір Қазақстанның қоржынында 18, Словения мен Данияда 19 ұпайдан бар.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Енді қазақстандық футболшылар 20 қарашада Любляна қаласында Словениямен соңғы ойынды ойнады. Бәрі осы ойында шешіледі...

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: