Жаңалықтар тізбегі
0

Монпельедегі турнирдің ширек финалында қазақстандық теннисшілер бір-біріне қарсы матч өткізеді

Бублик Шевченко, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2024 21:04 Сурет: Getty Images
Осы аптадан бастап Қазақстан атынан сынға түсе бастаған теннисші Александр Шевченок Монпельедегі турнирдің (Франция) ширек финалына шықты. Енді ол бұл кезеңде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликпен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Александр Шевченко турнирдің 1/8 финалында франциялық теннисші Грегуар Баррермен шеберлік байқасты. 

Ол қарсыласын 7:6, 2:6, 6:3 есебімен жеңді.

Шевченко матч кезінде жеті эйс пен төр қос қателік жасады және жеті брейк-пойнттың тек біреуін пайдалана білді. Ал оның қарсыласы Грегуар Баррер бес эйс пен бір қос қате жасап, бес прейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды.

Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Монпелье турнирінде камбэк жасап, жарыстың ширек финалына жолдама алған еді.

Еске салайық, бұған дейін Ресей атынан өнер көрсетіп жүрген 23 жастағы теннисші Александр Шевченко осы аптадан бастап Қазақстан атынан сынға түсетінін жазған едік.

Шевченко ATP рейтингінде дәл қазір 59-орында тұр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: