Қазақстан теннисшісі Түркия турниріндегі өнерін аяқтады
Сурет: Instagram/sonia.zhy
Анталияда (Түркия) әйелдер арасында W15 Antalya турнирі өтіп жатыр. Қазақстан өкілі Соня Жиенбаева жұптық сайыста жартылай финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалға шығу ойынында венгриялық Амарисса Киара Тотпен дуэтте шыққан 17 жастағы қазақстандық теннисші жапониялық Маюка Айкава/Фуна Козаки жұбынан 3:6, 6:7 (1:1) есебімен жеңіліп қалды.
Айта кетейік, жекелей сында екінші айналымда Соня Жиенбаева да Маюка Айкавадан (2:6, 4:6) ұтылды.
Бірінші айналымда 17 жастағы қазақстандық қыз корт иесі Ели Йорукты 6:3, 6:7 (8:10), 6:2 есебімен ұтты.
Бұған дейін Германия азаматы жас Соня Жиенбаеваның 2024 жылы кортқа Қазақстан атынан қатысатыны белгілі болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript