Азат Мақсұм UFC-дегі алғашқы жеңілісінен кейін кешірім сұрады
Сурет: Instagram/aza.maksum
Америкалық Чарльз Джонсоннан жеңілген 28 жастағы қазақстандық боксшы Азат Мақсұм отандастарына үндеу жасап, кешірім сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол өз хабарламасын Stories-те жариялады.
Сурет: Instagram/aza.maksum
Мақсұм бокс барысында өз күшін, тәжірибесін толық көрсете алмағанына қынжылды.
"Үміттеріңізді ақтамағаным үшін кешірім сұраймын. Мен бұл жеңілістен үлкен сабақ аламын және келесі жолы жеңіске жету үшін бар күшімді саламын!" Азат Мақсұм
Айта кетейік, бұл Мақсұмның ММА-дағы алғашқы жеңілісі. Джонсонмен жекпе-жек оның UFC-дегі екінші жекпе-жегі болды.
Қазақстандық ең ірі ММА промоушенінде дебютті 2023 жылдың шілде айында америкалық файтер Тайсон Намды (21-14-1) екі жақты шешіммен жеңді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript