Miami Open: Юлия Путинцева төртінші айналымға жолдама алды

Юлия Путинцева, төртінші айналым, Miami Open, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2024 10:25 Сурет: WTA
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінде сәтті өнер көрсетуде. Ол үшінші айналымда әлемнің 79-ракеткасы, бельгиялық Грет Минненді жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева қарсыласын 6:2, 2:6, 6:4 есебімен ұтты. 

Ойын ұзақтығы 1 сағат 42 минутты құрады. Юлия 1 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдалана білді. 

Юлия Путинцева төртінші айналымда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы сенсациялық жағдайда ұтқан украиналық Ангелина Калининамен бақ сынасатын болады. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: