Еркін күрестен АЧ-2024: Қазақстан қоржынына Азамат Дәулетбеков алғашқы алтын медальды салды

Азамат Дәулетбеков, Бішкек, еркін күрес, Азия чемпионаты, алтын медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 19:33 Сурет: olympic.kz
Бішкекте еркін күрестен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына ел құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков алғашқы алтын медальды салды, деп жазады Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, 86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. 

Осылайша, ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. 

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдегер атанған.

Мұның алдында Қазақстан екі күміс медаль еншілеген: 97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан және Асыл Айтақын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: