Жаңалықтар тізбегі
0

14 боксшымыз Elorda Cup турнирінің жеңімпазы атанды

Елорда кубогі, Астана, бокс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2024 14:19 Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Астанада бастау алған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласынан өнер көрсеткен 15 боксшы ұл-қыздардың сегізі топ жарды. Оның 3-еуі – алтын, 3-еуі – күміс және 2-еуі – қола медаль, делінген елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Атап айтқанда ұлдар арасындағы бәсекеде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай осы турнирде жаңа 86 келіде чемпион атанды.

  • Сондай-ақ, осы турнирде ерекше өнерімен есте қалған Тимур Нұрсейітов финалда (75 келі) алтыннан алқа тақты. Ол финалда 5:0 есебімен Армат Арманұлын ұтты.
  • +92 келі салмақтың финалында Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері елордалық Айбек Оралбай мен Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасу керек болатын. Алайда Айбек Оралбай жекпе-жектен бас тартып, ағасына жол берді. Нәтижесінде Қамшыбек Қоңқабаев финалда автоматты түрде чемпион атанса, Айбек Оралбай күміс жүлде еншіледі.

Тағы бір елордалық былғары қолғап шебері Асхат Жүсіпов айтулы турнирде күміс жүлдегер атанды. Асхат (48 келі) финалда жапон боксшысына 0:5 есебімен ұтылды.

Екінші жартылай финалда 48 келі салмақтағы елордалық Әли Тоқтаров жапон спортшысына 0:5 есебімен ұтылып, айтулы турнирдің қола жүлдегері атанды.

Қыздар арасында Аида Әбікеева (63 келі) Elorda Cup халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда 5:0 есебімен өзбек боксшысын ұтты.

Сондай-ақ, Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) күміс жүлдегер атанды. Финалда жерлесіміз 4:1 есебімен Елдана Талиповадан ұтылды.

Тағы бір былғары қолғап шебері Сәния Сұлтанқызы (54 келі) турнирдің қола жүлдегері атанды.

Алты күнге жалғасқан бәсекеде командалық бойынша ТОП-3 орындар:

Ерлер: 

  • Қазақстан – 9 алтын, 8 күміс, 14 қола;
  • Өзбекстан – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;
  • Қытай – 1 алтын, 1 күміс.

Әйелдер: 

  • Қазақстан – 5 алтын, 5 күміс, 11 қола
  • Қытай – 4 алтын, 1 қола
  • Үндістан – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола.

Айта кетейік, 10 әлем чемпионы және 20-ға жуық Париж Олимпиадасының жолдама иегерлері жүлдеге таласты. Олардың қатарында Олимпиада жолдамасының иегерлері, Астана қаласының спортшылары Айбек Оралбай мен Нұрбек Оралбай бар. Бұл турнирде ағайынды Оралбайлар жаңа салмақта өнер көрсетті.

Жеңімпаздарға (1-орынға – 700 доллар, 2-орынға – 400 доллар, 3-орынға – 200 доллар) сыйақы берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: