Уимблдон: Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты

Уимблдон: Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасын ұтып, жартылай финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2024 18:43 Сурет: instagram.com/lenarybakina
Қазақстанның төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена украиналық теннисші Элина Свитолинамен (WTA әлемдік рейтингі бойынша 21-орын) ойнап, екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір сағат бір минутқа созылды.

Кездесу барысында Рыбакина алты эйс жасап, бір рет допты ойынға қоса алмады және алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдалана білді.

Айта кетейік, жартылай финалда 25 жастағы қазақстандық теннисші Барбора Крейчикова (Чехия) - Елена Остапенко (Латвия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: