Жаңалықтар тізбегі
0

Ауруханаға түскен Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады, Михайлович те үн қатты

Жәнібек Әлімханұлы, Андрей Михайлович, Лас Вегас, аурухана, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2024 09:25 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
13 шілдеге қараған түні Жәнібек Әлімханұлы емделуге жатқан АҚШ-тағы медициналық орталықтан шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лас-Вегас қаласында орналасқан Spring Valley медициналық орталығында болғаны туралы боксшы Instagtam-дағы парақшасында жазды. 

"Әр қиындық артында жеңілдік бар! Салмақ қуу барысындағы сынақты да бастан өткізіп жатырмыз, ағайын! Уайымдап жатқан жанашыр жанның бәріне көп рақмет! Аллаға шүкір, ауруханадан шықтық. Денсаулық бірінші орында! Ауырмаңыздар, жақындарыңыз ауырмасын! Біз жауынгерміз ғой, мұндай сынақтар бізді сындырмайды, шыңдайды! Бұйыртса әлі талай әлемге қазақ стилін көрсетеміз! Қолдауларыңызға рақмет!", делінген жазбада.

5 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, желіде видео жариялаған болатын. Содан кейін ол баршаға жылдың ең үздік нокаутын көрсететінін мәлімдеді. Бірақ соңында денсаулығы жағынан "өзі нокаут" алып, Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды

13 шілдеде Андрей Михайлович Жәнібек Әлімханұлының басындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Жаңа зеландиялық спортшы жекпе-жек алдында да, қазіргі жағдайда да қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс білдірді. 

"Бұл жайында маған айту оңайға соқпай отыр. Мен Вегасқа келдім. Сөйтіп бүгін таңертең өтуі тиіс Жәнібекпен арадағы жекпе-жегімнің болмайтынын білдім. Ол салмақ қуамын деп ауруханаға түскен. Мұндай жағдайда не деуге болады, ештеңе істей алмаймыз".

Өз кезегінде жаңа зеландиялық позитивте болып, кәсіби спортшы ретінде жұмысын жалғастыруға ниетті. Михайловичтің 1997 жылы Ресейде дүниеге келгені белгілі. 1,5 жасында егіз ағасы Николаймен бірге оны Санкт-Петербургте Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар асырап алған. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: