Qazaq style – Жәнібек Әлімханұлы қандай мәлімдеме жасады?
Сурет: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Денсаулығына байланысты титулдық жекпе-жектен бас тартқан қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қуанышта бірге болған жанкүйерлерім, қиындықта да қасымнан табылып жатқанына қуаныштымын. Баршаңызға Алла разы болсын. Тілек, дұғаларыңызға рақмет!
Денсаулығым дұрысталды. Қазір барлығы жақсы. Бұйыртса келесі жоспарды ақылдасып жатырмыз!", - деп жазды ол.
5 шілдеде Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетіп, желіде видео жариялаған болатын. Содан кейін ол баршаға жылдың ең үздік нокаутын көрсететінін мәлімдеді. Бірақ соңында денсаулығы жағынан "өзі нокаут" алып, Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде АҚШ-та ауруханаға түсіп қалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript