Қазақстандық теннисші Надаль қатысып жатқан турнирдің финалына шыға алмады

Александр Недовесов, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2024 22:13 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Недовесов Бостад (Швеция) ATP 250 турнирінің финалына шыға алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 1-ракеткалары Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобарды жартылай финалда Мануэль Гинар - Грегуар Жак дуэті тоқтатты.

Франциялық теннисшілер 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсекеде Гинар мен Жак 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың екеуін құр жіберген жоқ. Ал, Недовесов пен Гонсало 7 брейк-пойнтты пайдалана алмады. 

Бостад додасында жекелей сында әлемнің 27-ракеткасы, нидерландылық Таллон Грикспурды жеңіп, ширек финалға өткен қазақстандық, 23 жастағы Тимофей Скатов бүгін рейтингіде 51-сатыдағы португалиялық Нуну Боржешпен кортқа шығады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: