Рафаэль Надаль Олимпиадаға дайындығы туралы айтты
Сурет: АТР
Испандық теннисші Рафаэль Надаль Бостадтағы (Швеция) ATR-250 турнирінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен ұзақ матчтар өткіздім және біраздан бері физикалық қиындықтарға тап болмадым, бұл мені қуаттандырады. Дегенмен,өзім ойнап жүрген теннис деңгейіме ризамын деп айта алмаймын. Кездесулердегі өнерім жаттығу кезіндегіден әлдеқайда төмен. Ендігі мақсатым сол жаттығудағы деңгейді көрсете білу. Олимпиада-бұл спорттағы ең маңызды оқиға, сондықтан мен алдағы бір апта бойы тығыз дайындыққа дайынмын", – дейді Надаль.
Париждегі (Франция) Олимпиада ойындарында теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді.
Бұған дейін ESPN нұсқасы бойынша ХХІ ғасырдың үздік теннисшісі анықталды. Бұл нұсқада Рафаэль Надаль үздік үштікті қорытындылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript