Соня Жиенбаева екінші мәрте ITF World санатындағы турнирдің чемпионы атанды
Сурет: Instagram/sonja.zhiy
18 жастағы Соня Жиенбаева (781 WTA) Мадридте өткен ITF World Tennis Tour W 15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалда Жиенбаева ұлыбританиялық Элис Гилианды (668 WTA) 6:1, 5:7, 6:1 есебімен жеңді. Бұған дейін спортшы турнирдің бірінші, үшінші және бесінші ракеткаларын да жеңді.
2024 жылы 30 қыркүйекте, дүйсенбіде WTA-ның жаңартылған рейтингісінде Соня Жиенбаева өзі үшін рекордтық орынға, яғни 753-ке бір-ақ көтеріледі.
Бұл - Жиенбаеваның өз мансабындағы ересек әйелдер туры аясындағы екінші олжасы. Ол бұған дейін Антальяда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript