Жаңалықтар тізбегі
0

Семсерлесуден Қазақстан командасының бапкерлік штабында өзгерістер болды

Семсерлесуден Қазақстан командасының бапкерлік штабында өзгерістер болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2024 17:51 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның Ұлттық семсерлесу федерациясы бапкерлік штабтағы өзгерістер туралы хабарлады.

Алда жаңа олимпиадалық айналым және құрама ұзақ мерзімді дайындыққа кірісті. 

"Біздің құрама Франция, Италия, Жапония және өзге де елдердің әлемдік көшбасшылары үшін мықты қарсыласқа айналды. Бірақ біз қазіргі жетістіктерде тоқтап қалғымыз келмейді және келесі қадамға аяқ басуды жоспарлап отырмыз. Біздің мақсат – командалық лицензияны қайталап, Лос-Анджелестен жүлдемен оралу. Бұл үшін біз семсерлесуден бапкерлік құрамды күшейттік, ол әлемдегі үздіктердің бірі – Александр Владимирович Горбачук. Ол осы кезеңде украиналық семсерлесу мектебінің өкілі, ал соңғы 15 жылда Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпиондары атанған жапониялық спортшылармен жұмыс істеген", - деді Ұлттық семсерлесу федерациясының президенті Мирболат Әбуов.

Бұл Федерацияның шетелдік мамандарды тарту бойынша алғашқы тәжірибесі емес. 2019 жылдан бері қылышпен семсерлесуден ерлер және әйелдер құрамаларымен украиналық бапкер-кеңесші Олександр Торчук, ал шпагамен семсерлесуден әйелдер және ерлер құрамаларымен венгриялық Ференц Тот жұмыс істеген.

Федерация өкілдерінің айтуынша, әлемдік спорттық трендтердің жылдам өзгеріп жатқаны сонша, халықаралық бапкерлік тәжірибе алмасу қалыпты жағдайға айналған. 


"Әр елдің жылдан жылға жетілдіріп отыратын өз сайысу стилі бар. Егер үздік құрамалармен қатар тұрып, бәсекеге қабілетті болғымыз келсе, олардан қалыспай, шетелдік бапкерлерді шақыруымыз керек. Олар да әлемнің ең мықты семсерлесушілерінің қатысуымен өтетін оқу-жаттығу жиындарын тиімді ұйымдастыру үшін қажетті шетелдік байланыстарды айтарлықтай жақсартады.  Одан бөлек шетелдік мамандар қазіргі құрама мен жастарды оқытып қана қоймай, біздің отандық бапкерлерге де тәжірибесін бөлісіп, олардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді", - деді Мирболат Әбуов. 
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: