Ақтауда бокстан өткен чемпионатта судьяға қол жұмсаған экс-министрдің ағасы жазаланды

Ұрып-соғу, Ақтау, бокс, Ерік Маржықпаев, экс-министрдің ағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2024 22:13 Сурет: pixabay
Бұрынғы Трузим және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың үлкен ағасы әрі жаттықтырушы Ерік Маржықпаев Ақтаудағы жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты кезінде судьяны ұрды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 6 желтоқсанда Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Оқыс оқиғаның видеосы желіде тарады.

 "2024 жылғы 5 желтоқсанда Ақтау қаласында өткен жастар арасындағы чемпионат барысында Ақмола облысының спортшысы Ибрагимов Дамир мен Астана қаласының спортшысы Маржықбаев Кенесарыамир кездесті. Жекпе-жек 4-1 есебімен аяқталып, Ибрагимов Дамир жеңіске жетті. Жекпе-жек аяқталғаннан кейін Астана қаласының жаттықтырушысы (К.Маржықпаевтың әкесі) Ерік Маржықбаев судьялардың шешіміне наразылығын білдіріп, балағат сөздер айтып, төрешілер алқасына қатысты агрессия қолданды, бұл физикалық қақтығысқа ұласты", делінген федерация мәлімдемесінде.

Бокс әулетінің өкілі болып табылатын Ерік Маржықпаевтың кейіннен кешірім сұрағаны да нақтыланады.

"Қазақстан бокс федерациясы спорт этикасын бұзған жаттықтырушы Е. Маржықпаевты жарыстардан шеттету туралы шешім қабылдау үшін Атқару комитеті бюросының отырысын өткізді. Атқарушы комитеті бюросы отырысының қорытындысы бойынша жаттықтырушыларға, төрешілерге, жарысты ұйымдастырушыларға құрметсіздік танытқаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорттық этикасын бұзғаны үшін жаттықтырушы Е.Маржықпаевты екі жыл мерзімге бокстан өңірлік, республикалық және халықаралық жарыстарға қатысудан шеттету туралы шешім қабылданды", деп қорытындылайды Қазақстан бокс федерациясы.

Бұған дейін Чианг Май (Тайланд) қаласында өтіп жатқан бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатында ширек финалы өз мәресіне жетіп, Қазақстан құрамасынан 19 боксшы жартылай финалға шыққаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: