Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері кім болатыны белгілі болды
![Әли Әлиев, футбол, ұлттық құрама, бас бапкер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 19:56](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2025-01-29/file-1162b28b-4b03-4af5-8dae-8e0b62cfe337/400x225.webp)
Футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Тимур Сисенов Станислав Черчесовтың орнын кім басатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері 44 жастағы Әли Әлиев болатыны мәлім болды.
Айта кетсек, Әлиев қызметінің әр жылдары "Қызылжар", қарағандылық "Шахтер", "Астана-Жас" және "Жеңіс" командаларының тізгінін ұстаған білікті маман.
27 қаңтарда ҚФФ баспасөз қызметі ресейлік Станислав Черчесовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлады. Кейін Черчесов бұған қатысты өз пікірін білдірді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз