Вашингтон 100 ұпай жинап, ҰХЛ плей-офф кезеңіне бірінші болып шықты

Вашингтон 100 ұпай жинап, ҰХЛ плей-офф кезеңіне бірінші болып шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.03.2025 12:43 Сурет: Instagram/capitals
Александр Овечкиннің "Вашингтон Кэпиталс" командасы ағымдағы ҰХЛ маусымында бірінші болып 100 ұпай жинап, плей-офф кезеңіне шығуға кепілдік берді. Спенсер Карбери шәкірттері соңғы тоғыз ойында сегіз жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордалық хоккейшілер ҰХЛ тұрақты маусымы аясында өз алаңында Филадельфия Флайерзті 3:2 есебімен жеңгеннен кейін осындай жетістікке жетті.

Осылайша Вашингтон 69 ойыннан кейін 100 ұпай жинап, жалпы кестенің көш басында келеді.

ҰХЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Кэпиталз" өз тарихында 14-ші рет бір маусымда "100+" ұпай жинады. "Хулиганы с Брод-стрит" командасымен жекпе-жекте Вашингтон көшбасшысы өзінің ҰХЛ-дегі мансабындағы 888-голын соқты.

Бұл нәтижелі әрекет Александр Овечкинді 6 гол қашықтықтағы канадалық Уэйн Грецкидің (894) рекордына жақындатты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: