Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты

Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің финалына бірінші орынмен шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2025 17:12 Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Доха (Қатар) қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңіндегі екінші іріктеу күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының спортшылары екі финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнирдің шешуші кезеңіне қоссырықтағы жаттығулар бойынша Милад Карими бірінші орынмен өтті. Қазақстандық гимнаст іріктеу барысында төрешілердің шешімімен 14.000 ұпай жинады.

Сонымен қатар Алтынхан Темірбек те финалға жолдама алды. Ол тіреуішпен секіру жаттығуында 13.199 ұпай жинап, сегізінші орынмен финалға өтті.

Айта кету керек, Карими мен Темірбек еркін жаттығу бағдарламасының финалында да бақ сынайды.

Ал Нариман Құрбанов пен Зейнолла Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда жүлде үшін күресетін болады.

Финалдық кезең 18-19 сәуір аралығында өтеді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: