Елордалық гимнасшылар Азия чемпионатында 11 медаль жеңіп алды

Көркем гимнастика, Астана, Азия чемпионаты, 11 медаль  , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 20:27 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Көркем гимнастикадан Сингапурда өткен Азия чемпионатында Астана қаласының спортшылары жалпы саны 11 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын, төртеуі – күміс, екеуі – қола жүлде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыстың алғашқы күнінде командалық көпсайыста №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің құрамасы алтынға қол жеткізді. Сеньорлар арасындағы командалық біріншілікте осы құрамға Айым Мейіржанова мен Айбота Ертайқызы қосылып, күміс жүлде әкелді. Юниорлар жарысында Ақмарал Ерекешева мен Рысбек Айғаным да күміске табан тіреді.

Финалдық бағдарламада №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы "3 шығыршық + 2 жұп ұршық" жаттығуында алтын, 5 лентада күміс еншіледі.

Жекелей нәтижелер:

  • Айбота Ертайқызы – лентада алтын медаль, көпсайыста қола медаль;
  • Ақмарал Ерекешева – доп пен лентада қос алтын медаль, ұршықта күміс медаль;
  • Айым Мейіржанова – ұршықта қола медаль;
  • Рысбек Айғаным – жеке көпсайыста 4-орын.

Бұл тарихи нәтижеге жетуге зор үлес қосқан бас жаттықтырушы Меруерт Балғынбаева бастаған тәжірибелі бапкерлер құрамында Оксана Нечитайло мен Екатерина Панченко бар. Спортшыларды дайындаған хореографтар – Шыңғыс Оспанбаев бастаған Сая Айдыс пен Карина Аблакова.

"Біз осы жетістікке бір команда болып қол жеткіздік. Әр спортшымның табандылығы мен бапкерлер тобының ерен еңбегі – бәрі бір арнада тоғысып, Азия чемпионатындағы 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальға айналды. Балаларымыздың көзіндегі от пен ерік-жігері бізді күнде алға жетелейді. Алда талай биік тұр, сол шыңдарды да бірге бағындыратынымызға кәміл сенемін", – дейді Астана қаласы әкімдігінің №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің Көркем гимнастика бөлімінің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева.

Айта кету керек, бұл жарысқа 19 мемлекеттен 100-ден астам спортшы қатысты.

Бұған дейін Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында алтын медаль иеленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: