Теннистен Мароккодағы турнирде қазақстандық жарыс жолын аяқтады

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Рабатта (Марокко) өтіп жатқан WTA 250 санатындағы жұптық турнирдің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирдің бірінші айналымында Анна Данилина/Ирина Хромачева (Ресей) жұбы қарсыластары Николь Фосса-Уэрго (Италия)/Алена Большова (Испания) дуэтіне 4:6, 4:6 есебімен жол берді.
Матч 1 сағат 25 минутқа созылды.
Спортшылар бұған дейін алаңда бірге өнер көрсетпеген.
Айта кетейік, жарақатына байланысты ұзақ уақыт теннистен қол үзіп, былтыр кортқа оралған қазақстандық Зарина Диас Жапониядағы ITF W50 санатындағы халықаралық беделді турнирдің жеңімпазы атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript