Хоккейден финалда АҚШ пен Швейцария әлем чемпионаты кубогын өзара сарапқа салады

Хоккей, ӘЧ-2025, финал, АҚШ, Швейцария  , сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 09:36 Сурет: ВКонтакте/iihfhockey
25 мамырда Стокгольмде финалдағы шешуші мачта Швейцария құрамасы АҚШ командасымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 24 мамырда Швейцария құрамасы хоккейден әлем чемпионатының финалына шықты. Турнирдің жартылай финалында швейцариялықтар Дания командасын тақыр таза жеңді: 7:0 (3:0, 1:0, 3:0).

Сурет: X/HSHScom

Үшінші орын үшін Швеция мен Дания өзара бақ сынасатын болады.

Швейцария құрамасы әлем кубогының финалында төрт рет ойнап, ешқашан жеңіске жетіп көрмепті. Өткен жылы олар шешуші матчта Чехия құрамасынан 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Сурет: X/HSHScom

Ал АҚШ құрамасы соңғы рет 1960 жылы Әлем кубогының финалында өнер көрсеткен.

23 мамырға қараған түні Дания құрамасы тосын сый жасап, турнирдің фаворит командасы - канадалықтардың қолынан жеңісті жұлып әкетті. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: