Нұрқанат Әжіқанов каратэден Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Нұрқанат Әжіқанов, каратэ, Азия чемпионы, Ташкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2025 16:04 Сурет: Қазақстан каратэ федерациясы
Каратэден Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында 75 келіде сынға түскен Нұрқанат Әжіқанов алтын медаль иеленді. Осылайша ол каратэден Азияның үш дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) ирандық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп ол үшінші мәрте қатарынан Азия чемпионатының алтын медалын иеленді.

Бұған дейін ол 2023 жылы Малайзияда, 2024 жылы Қытайда Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.

Бүгін аталған жарыста Қазақстан құрамасының қоржынына екі алтын медаль салынған болатын. Олардың бірі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жоламан Биғабылға, сондай-ақ қыздар арасында 19 жасар Дайяна Даренцкаяға тиесілі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: