"Реалдың" бас бапкері жаңадан тағайындалды

Реал, футбол, бас бапкер, Хаби Алонсо, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2025 17:58 Сурет: Instagram/realmadrid
26 мамырда әлемдегі ең беделді футбол клубы - мадридтік Реал испандық Хаби Алонсоның өздеріне бас бапкер болып тағайындалғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

43 жастағы бапкер қол қойған келісімшарт 2028 жылдың ойын маусымы аяқталғанға дейінгі мерзімге бекітілген. Алонсо 1 маусымда жаңа қызметіне кіріседі.

"Сәлем, мадридтіктер, ал мен келіп қалдым. Толқу мен энергияға толы жаңа дәуірді өздеріңмен бастауға өте қуаныштымын. Баршаңа сәлем. Алға, Мадрид", - деді Хаби Алонсо.

Соңғы екі маусымда Алонсо 2024 жылы Бундеслига мен Германия кубогын жеңіп алған неміс "Байерін" жаттықтырып келген.

Футболшы кезінде ол 2009-2014 жылдары корольдік клубтың намысын қорғап, Реал Мадрид сапында алты кубокты жеңіп алған.

Хаби Алонсо Бразилия құрамасының бас бапкері атанбақ Карло Анчелоттидың орнын басты. 

Бұған дейін хоккейден финалда АҚШ пен Швейцария әлем чемпионаты кубогын өзара сарапқа салатынын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: