Футболдан 2025 жылғы әлем чемпионаты: "Атлетико" "Сиэтл Саундерсті" ойсырата жеңді

Футболдан 2025 жылғы әлем чемпионаты: "Атлетико" "Сиэтл Саундерсті" ойсырата жеңді , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2025 10:26 Сурет: Instagram/fifaclubworldcup
20 маусым күні Сиэтл қаласындағы "Люмен Филд" стадионында клубтық әлем чемпионатының екінші туры аясында "Сиэтл Саундерс" пен Мадридтің "Атлетико" командалары кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойын 3:1 есебімен "Атлетиконың" пайдасына аяқталды. Испаниялық клубтың үшінші голын Барриос соғып, дубль авторы атанды. Тағы бір голды бельгиялық жартылай қорғаушы Аксель Витсель өз еншісіне жазды. Айта кетсек, ол бұрын "Зенит" клубында ойнаған болатын.

"Сиэтл Саундерс" командасындағы жалғыз голды Альберт Русняк соқты.

Осыған дейінгі турда "Сиэтл Саундерс" "Ботафого" командасынан 1:2 есебімен жеңілген еді, ал "Атлетико" "ПСЖ"-мен болған ойында 0:4 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Бұл ретте, ел спортшыларының ақжолтай хабарын айта өтсек. Мәселен, Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP 500 турнирінде Александр Бублик сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасын жеңді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: