Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2025 11:10 Сурет: olympic.kz
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық ерлер құрамасы семсерлесуден финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда құрамында ел намысын Елмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов қорғап жатыр.

1/8 финалда қазақстандықтар Түрікменстан құрамасын 45:21 есебімен жеңсе, ширек финалда Сингапур спортшыларын 43:31 есебімен ұтты. Жартылай финалда Қазақстан Қытай командасын 45:24 есебімен ойсырата етіп жеңді.

Финалда Қазақстан құрамасы алтын медаль үшін Жапониямен күш сынасады. Шешуші кездесу бүгін, 21 маусымда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: