2025 жылғы Уимблдон: Қазақстан атынан кімдер ойнайды

2025 жылғы Уимблдон: Қазақстан атынан кімдер ойнайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2025 14:36 Сурет: Instagram/LenaRybakina
30 маусым күні Лондон корттарында маусымдағы ең ірі турнир – Ұлыбританияның ашық теннис чемпионаты басталады. Қазақстандықтар бұл жарыста жекелей сында ел намысын қорғайтын бес спортшыға жанкүйер болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасынан кортқа бірінші болып Юлия Путинцева шығады. Ол 13-нөмірлі америкалық теннисші Аманда Анисимовамен кездеседі. Олардың кездесуі 15-кортта соңғы матч болып жоспарланған, шамамен Астана уақытымен 20:30-да басталады.

Қазақстанның қалған теннисшілері Лондон корттарына шілде айының алғашқы күндерінде шығады. 2022 жылғы "Уимблдон" жеңімпазы Елена Рыбакина алғашқы айналымда армениялық Элина Аванесянмен кездеседі.

Ерлер арасындағы жарыста Александр Бублик бірінші айналымда испандық Хауме Муньярмен (ATP рейтингінде 54-орында) ойнайды. Александр Шевченконың қарсыласы – америкалық Рэйли Опелка (ATP №72). Турнирдің іріктеу кезеңінен өткен Бейбіт Жукаев бірінші айналымда әлемнің 24-ракеткасы – италиялық Флавио Каболлимен кездеседі.

"Уимблдон-2025" турнирінің негізгі кезеңі 13 шілдеге дейін жалғасады. Былтырғы жеңімпаздар – Карлос Алькарас (Испания) және Барбора Крейчикова (Чехия).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: